Алмастырдым күнімді мен түнімменен, Кеудеде жүрек толқып соғуда үрейленген. Бұлай боларын, жаным-ау, кім, кім білген Өтер деп өзіңмен өмір өтер деп ем. Күлімдеп қараған сенің көздеріңнен, Оны іздеп табам енді өзге кімнен? Бақытты бағаламадық бізге берген, Сезімім басылар емес сізге деген.
Қ-сы: (х2) Әгугай, керім-ай, менің жүрегім-ай, Дудар-ай, дариға-ай, шіркін, күндерім-ай. Тарам жол тағдырымды менің күндедің-ай, Бір көңіл, бір сезім сонша сүйгенім-ай.