Күн ұяға қайтқанда, Көкжиектің астына, Кеш келгенде - ымыртта, Жол иілді Батысқа. Басқа жерде, алыста, Мен білмейтін бір жақта, Бәрі ұйқы тапқанда, Ояу жаттың сен ғана...
Қашан? Қайда? Қалай? Қойды сұрағын Қашан? Қайда? Қалай? Білмей жауабын Қашан? Қайда? Қалай? Жалықтырған уақыт... Түнде мына таудан Оңай асамын, Ерте таңғы Рауан Жарық шашамын, Жолын тауып саған Серік боламын мен...
Ешкімге де қоймай мін, Жазғырды ол тек өзін, Керек етпей білгенін, Келген кеткен іздерін Қайта ұйқы жоқ бүгін, Бар үміті - келер күн, Алқа тағып мойынға, Қара шашын жайды түн