Өртеп өтті, бір сезім,
Журегимде от боп жанып.
Елестеп сенің көзің,
Атқан таңдай арайланып.
Махаббат шығар мүмкін,
Сұрадың ба, жүрегіңнен?
Алысып күн менен түн,
Мазаласа білемін мен.
Ғашықпын саған, саған ғашықпын,
Лүпілдеп соққан жүрегіммен.
Неге, неге асықтың?!
Мөп-мөлдір өмірде жүр едім мен.
Шақырады шаттыгын,
Жетелейді қос жанарың.
Өзің болшы аққуым,
Айдын, көлің мен боламын.
Саған деген сезімім,
Тау бұлағы секілденіп.
Жағаласып ай нұры,
Құбылады соған еріп.
Ғашықпын саған, саған ғашықпын,
Лүпілдеп соққан жүрегіммен.
Неге, неге асықтың?!
Мөп-мөлдір өмірде жүр едім мен. (2х)
Malika еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1