Кешіріп қойғанмын сені, себебі шын сүйгендіктен Бұрынғыдай алданбаймын, алдамшы үмітке Кінә сенен болса да, оған көз жұма қараймын Бақытты болып өзгемен, сұрама мендегі жайды Мен қазір ойламаймын, сені және әлеміңді Бізде болды нағыз сезім, себебі өте мұңды Кері айнала ма уақыт, сүйетін сені тағы да?! Бірақ сенің есімің, жоқ мендік тағдырда Көзіңе жас алып, мені қайтарғың келе ме?! Бәрі кеш, айналғанмын, қазір тасжүрек пендеге Сағынсаң еске түсір, сағым естеліктерді Шынында біздің махаббат, аяқталмаған ертегі Кері айнала ма уақыт, құшағыма қатты қысып?! Сүйем деп тағы айтар ем, сүйіп ерніңнен ыстық Мендегі сан қиялдың, таусылмас бір сәт шегі Бәрін жаңадан бастар ем, уақыт айналса кері