Тыңдалмаса сөз жетім, тыңда мені халқым Шын мәнінде алаңдаймын, ертеңіне Қазағымның Демократия жоқ, ол жай ғана көз алдау Қолдарынан бар келгені ату, қыру, қамау Депутат, сенатор, министр және басқасы Шындығында сүліктей соруда халық ақшасын Елемес тіпті көз жасын жас сәбидің жылаған Билікке тіпті сөзім жоқ бәрі былыққан онда да Бабалар аманаты аяқ асты етілуде Қарақытай қаптады билік сөзсіз жер беруде Ұмытылды баба тілі қалды шетке ысырылып Қазақша сөйлеуді ұят санайды ессіз ұлың Қаракөз қыздарың жүр тәнін саудалап қағазға Сендерге жақпайды білем ащы шындықты жазған Қалталы мәңгүрттер көп өз дәстүрін ұмытқан Құлақ сал мән беріп жырланған шындыққа
Жырлансын шындық, қандай жағдай болса да Жырлансын басыңа, қара бұлт қаптаса да Көздеген нысанам, шындықдың биік шыңы Эй еу бауырым, есіңде сақта осыны
2-part
Айтылмаса шындық өледі сөздің атасы Қазақ жері толтыруда жат жұрттың қалтасын Лакшми Миттал қысқаша мысал осыған Мұнайды қытай биледі айтшы еркіндік осы ма? Дініміз кетті мүлде адасып бағытқа басқа Өзін-өзі жарғандар көп санасы толық адасқан Жүректері тасқа айналды әрбір пенденің Шенеуніктер тоқтата ма? жеуді халық еңбегін Әлі де арыла алмай жүрміз кеңестік санадан Орыс тілі үстемдігі әрбір сананы қармаған Жетімдер саны арттты тастанды қарттармен бірге Осы бір көріністер мазалайды мені күнде Қазақ ғана өз елінде көруде азапты әлі Бәлкім атпаған да шығар ел үшін азаттық таңы Бақыттымын осы жолда қиылса егер жаным Қалайша бұл сұмдықтарды көріп үнсіз шыдаймын