Дос болса әрине дұшпанда шетте қалмайды Екеуі де зат емес қой пенденің өзі таңдайтын Өмірдің ағыныменен сүрініп қанша құлайсың Тырмысқанменен болмаса жасыңды тығып жылайсың. Меніңде басымнан өтті Көрмегенменен көпті Бүгін әлемге келгелі де Жиырма жылдай уақыт бопты Аңсамадым жеңісті бір қалыпты өмір болса Осы еді басты ойым ынтамда болмады онша Бірақ оятқан ынтаны ұмтылысты бұл өмірге Арттан ерген інімменен қарындасым бой түбінде Ұмтылдым армандарға да ұмтылдым биіктергеде Достарым үшін тұрам деп пышақта тиіп көргенде Шолақ мылтықты оқтап ұмтылдым қылмысқа да Тілек бәрін бірдей көріп өзіңді шеттеп ұстама Деп іштен қайталап айтатын күндер де болды Ұмтылыс арқасында білесің оңыңмен солды