«Бай мен жарлы» Айтпаса сөздің атасы өледі... Біреуге қара түнек, ал біреуге күн ажарлы, Екі топқа бөлінген қоғам бай және жарлы. Барлығы қазір ақша, қалтаңда болса батпа мұңға, Тегін нәрсе бар, бірақ ол, тек тышқанның қақпанында... Біреуге қара түнек, ал біреуге күн ажарлы, Екі топқа бөлінген қоғам бай және жарлы. Бай және жарлы, бай және жарлы...
Сормаңдай болғаның ба, айтшы осы оңғаның ба, Жылы киім табылмады аяз түсіп тоңғаныңда, Тоңазытқыш кұлазып, табылмаса да бір азық, Үмітін үзбес жарлы, міне әлі күн жүр азып.
Пұлсыз дүние ме бұл, көргені тек уайым-қайғы, Табанын жалаған құл табалдырығында байдың. Армандары балалық шағындай болып қалды алыста, Кешегі бай да болар ол ұшыраған дағдарысқа.
Нарық заманда бүгінгі жұрт бөлінген екі топқа, Аш пен тоққа, яғни ақшасы барға және жоққа. Шеш күдік деген кісенді, кәне тәубеңе түс енді, Еске ал ертегіні ескі Асан мен Үсенді.
Ескіні есіңе салып, сын ретінде сыр ақтарам, Біліп қойғын бақ пен сордың арасы тек бір-ақ қадам. Заман өзгергенімен, қарай көр бұны, токта балем, Аш бала бүгінде әлі ойнамайды тоқ баламен…