Қатая берме болды, уақытың өтіп барады, Жаныңа жету үшін асығып минут санадым. Мүмкін, сен басқаны таңдап, мені тастадың, Көргім келеді қатты өткен бейнетаспаны. Қанағаттанбаймын сенің маған уақыт бөлгеніңе, Қарап жатпаймын мен көпшіліктің өсек сөздеріне. Самолеттаймын аспаннан құлап келе жатқан жерге, Парашюттайсың мені құтқарып алып келдің көлге. Көргім келмейді сенің көздеріңнен жастарды, Бергім келмейді сені, қызғанышым басталды. Көзім көрмейді енді, көре алмаймын аспанды, Өзім кінәлі бәріне, парақтар ласталды.
Қ-сы: (х2) Менің махаббатым өмірдегі – өзің, жаным, Алыстаған кездерде сағынып жиі аңсадым. Өтінем, айыра көрмеші бізді, Жаратқаным, Сен менің сыңарымсың, өзіңменен атар таңым.
Саған ғана қарайды көздерім талмай, Керек етпеймін өзгені, мен айттым оны өзіңе талай. Сен тегі маған сен, қолыңды бер, Бірге алысқа барамыз, екеуміз ғашық жандардан қаламыз ба? Кім біледі ертең не болады, біз не боламыз, Жай ма, қала берейін ба, бәрі қалсын ба болып аңыз? Жүрегім өзіңе байланып, сен десе, басым айналып, Жаныңда болғым келеді өзіңді аймалап. Саған қатты жарасады жымиып төмен қарасаң, Мен тіпті сенің күлкің үшін тағдырмен санасам. Күлімдеші, жаным-ау, бүгін келші маған, Айрылғым келмейді сенен, болса да Ақырзаман. Қиялыма салып алып тек қана сені, ұмтылам, Жетемін, жетіп құтылам сағыныштан жұлқылаған. Жүргегіңнен жылу бер тікелей маған, Тағып алам.
Қ-сы: (х3) Менің махаббатым өмірдегі – өзің, жаным, Алыстаған кездерде сағынып жиі аңсадым. Өтінем, айыра көрмеші бізді, Жаратқаным, Сен менің сыңарымсың, өзіңменен атар таңым.