Сүйіп қалу бөлек, бауыр басу ол бөлек, Біздің ұзақ жолымыз екі жолға бөлінед. Ха, тыңдап отырсың қазір мені, Саған айтарым жасыңды сүртші көзіңдегі. Жылама, саған мүлде жылауға болмайды, Сенің мөлдір көзіңе жас келсе, жаным шыдамайды. Уақыт карамайды кімнің кім екеніне, Уақыт өте келе таусылады сезім де. Хей, сен ұйықтап жатканда мен, Алладан тілеймін сенің қайырлы түніңді. Тәтті ұйықтасын деп, ертең мұңаймасын деп, Ертеңгі күні сәтті, көзінен жас ақпасын деп. Жан саялаған сенің жүзіңді, Өмір аямаған көрсетпеген маған ізіңді. Анықтап тұр ғой сені тек қана суретің, Сен жалғыз періштесің жерде өмір сүретін. Саған күлкілі зат маған күлкілі емес, Саған түскен жарық маған ешқашан да түспес. Менің өмірім каранғы сенікіндей емес, Караңғылық өмірді сенің жаның сезінбес. Сезілмес, саган енді меніменен сөйлеспесең, Мен қалай шыдаймын енді сенімен енді көріспесем. Саған бөліспесем, сырымды ішімдегі, Өтінемін, қайта айналдыршы өткенді. Жарайды қойшы, бұл менің арманым, Жарайды қош бол, бұл сенің тандауың. Тағдырдың жазғаны осы, қайтемін көнемін. От боп жанған махаббатты, қара жерге көмемін. Ха, бауыр басып қалу деген оңай, Жүрегіңе жабысып жібермес сені қинамай. Оны сен сезінесің қаныңнан сенің өткенде, Ал енд қош бол, қайта келмейміз өткенге.