Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

mc.Ghost(SHERHAN) - KZSOUNDBATTLE3 - R2 | Текст песни

Біз жеңеміз
Жатқанда Отан жері отқа жанып,
Тұрғанда туысқандар жауда қалып.
Жеңбесек, жойқын қайрат шығармасақ,
Жігіттің неге жүрміз атын алып.

Жеңеміз, жеңіс-совет адам аты,
Біздерміз азат етер адамзатты.
Сенемін партияма, ел-халқыма,
Қандай күш бұл дүниеде одан артты.

~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~

Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар жане де наласы бар.
Арамызда жүретін осы күнде алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасындар.
Қастерлейді халқымыз халықтың қаhарманы,
Жүресің бе сан жарық соғыстың сапарлары.
Қайран ерлер, қаhарман ардагерлер,
Қалды бүгінгі күнде сирегендей қатарларың.
Ерлік сүйген еліне салтың ұнар,
Жүздеріңде лаулап жанған от жарқылы бар.
Соғыс деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ тек өздерін арқылы ұғар.
Жасқанбаған жауынан жарақтанган ер,
Ерліктеріңді аңыз ғып таратты ғой ел.
Қаhармандық деген сөздің мағынасын қазiр,
Бүгінгі ұрпақ сіздерге ғана қарап білер.
Дария ой, дархан мінез, дара шыңдар,
Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жан асылдар.
Арамызда жүретiн осы күнде алшаң басып,
Майдангерлер азайып барасыңдар.

~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~

Бұлай жеңгеніңді қайтейін ей қалың қазақ,
Сол үшін жанын берген Отанды сатып жатсақ.
Бұлай жеңгеніңді қайтейін ей қалың қазақ,
Кешегі майдангердің үстінен біз теуіп жатсақ.
Бұлай жеңгеніңді қайтейін күнің күн болмаса,
Теледидарда бәрi бақытты, ол не далбаса.
Қазақстанда қаза қазақ өзі таза қазақша сөйлейтін,
Бұны көрсе кешегі майдангер оданша өлгенi артық.
Бұлай жеңгеніңді қайтейін қызың қысқа көйлек,
Жігітің құлағын тесіп, көзін бояп, қызға теңеп.
Қалың қазағым ояншы кәнеки көзіңді аш,
Детдомда балдар саны көбейіп, балдарың аш.

mc.Ghost(SHERHAN) еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-