Өмір алдамшы адамдарды өзгертеді Арбап алып соң өз етегінен ертеді Кешегі күн ертегі тарихқа үндесіп жатқан Неге қазақ азаматы айыпталды нахаһтан Жазығы білім беріп халықтың көзін ашқаны Жалғаннан жала жабылып құрылған ажал қақпаны Ақ таңның жолын тосып қаншама күннен аттады Тарихқа сатқын болып жазылды олардың аттары Себепсіз өлім құшты жерлеуге жол бермеді Жарақсыз жатқан жерлерден бір уыс құм бермеді Анасы сүйген жары соңында балалары Харамдардың қызыл тобы олардыда қаралады Адауына салып алып бір-бірін алалады Қазақ-қазаққа дұшпан болып көбейді сатқындары Жем болып қызылдарға түнекте күн кешкені Сондағы жеңістері өлімге бірақ жеткені Қы - сы
Ұмытпа өткендердің басып өткен жолдарын Қызыл жебеге қор болды бабалардың жылдары Олар ойыншық болды орыс деген жалмауызға Бірақ сен тәуелді болып қалып кетпе қармағында
Алауыздық туылып наразылық күшейді Ұйымдасып қызыл топ халықтың еркін бітейді Исламнан алшақтатып ана тілін тартып алды Сондықтан қазақ елі жерінен қаша бастады Аштықтың күйін кешіп ақтабан болып шұбырды Қаншама мыңдап адамдар ажалына бас ұрды Екі айлық нәресте ана сүтіне қанбады Өмірдің дәмін татты бірақ жұтты қара қанды Аштық не істетпеді халықтың жүйкесі тозды Жүрегі пәк адамдар мейрімсіз ібіліс болды Әдетте ашық есік қымталанып бекітулі Жылулық отын жоғалтып ел жұрт ұмытты күлуді Соғыстың ызғарлы лебі қайғы қасірет туғызды Жерінен қуып әкетті қазақтардың ұл-қызын Әскерлердің қызығы жас қыздың намысын былғау Сол себеп бекен бәлкім өздеріне қол жұмсау