АЛТЫНЫМ Өлеңін жазған — II. Әлімқұлов Әнін жазған— Ә. Бейсеуов Теңіз болып толқыдың да, шалқыдың, Айдыныңда шағала боп қалқыдым. Гүлім болып жайнап өскен жайлауда, Самал болып аймаладың, Алтыным, Алтыным. Бірге өткіздік талай күпді бал-шырын, Сымбатыңа, сөздеріңе балқыдым. Бұлбұл болып көңілімде сайрадың, Жұлдыз болып жарқырадың, Алтыным, Алтыным. Тамашалап сұлу бақты, тау суын, Ортаға сап бөлуші едік жан сырын. Оралмасқа кетті ме әлде сол күндер, Сағындым ғой, қайда жүрсің, Алтыным, Алтыным.