Білмеймін қандай өмір кешудесің Дегенмен сен әлі де есімдесің Сағым боп жазған маған хаттарыңның Санамда сақтап жүрмін көшірмесін Белгісіз қайда екенің қай жақтарда Сағынып шерлі жүрек жай тапқан ба Бейнеңді елестетіп жұбанамын Кей сәтте жалғызсырап ой батқанда
Қ-сы:
Есімдесің мен сені ұмытпағам,ұмытпағам Санамды сендегі сезім құрықтаған Сезімім адал еді саған деген, саған деген Жүрегіме мәңгілік құлыптаған
Білгем жоқ қандай өмір кешудесің Бірақ сен есімдесің есімдесің Қиналып жүрмін әлі өшіре алмай Санамдағы хаттардың көшірмесін Белгісіз қайда екенің қай жақтарда Сағынып шерлі жүрек жай тапқан ба Бейнеңді елестетіп жұбанамын Кей сәтте жалғызсырап ой батқанда
Қ-сы:
Есімдесің мен сені ұмытпағам,ұмытпағам Санамды сендегі сезім құрықтаған Сезімім адал еді саған деген, саған деген Жүрегіме мәңгілік құлыптаған
Қ-сы: х4
Есімдесің мен сені ұмытпағам Санамды сендегі сезім құрықтаған Сезімім адал еді саған деген Жүрегіме мәңгілік құлыптаған