Білмеймін қандай өмір кешудесің Дегенмен сен әлі де есімдесің Сағынып жазған маған хаттарыңды Санамда сақтап жүрмін көшірмесін. Белгісіз қайда екенін, қай жақтарда Сағынып шерлеп жүрек жай тапқан ба? Бейнеңді елестетіп жұбанамын, Кей сәтте жалғызсырап ой батқанда.
Қайырмасы: Есімдесің, мен сені ұмытпағам Санамды сендік сезім құрықтаған. Сезімім адал еді саған деген, Жүрегіме мәңгілік құлыптаған.
Білгем жоқ қандай өмір кешудесің, Бірақ сен емісдесің, есімдесің. Қиналып жүрмін әлі өшіре алмай Санамдағы хаттардың көшірмесін. Белгісіз қайда екенін, қай жақтарда Сағынып шерлеп жүрек жай тапқан ба? Бейнеңді елестетіп жұбанамын, Кей сәтте жалғызсырап ой батқанда.