Қимадым қоштасқанда жанарыңды Мұң шалды-ау сол бір сәтте қабағыңды Түбінен жүрегімнің тулап шығып Бір өксік жұлмалады тамағымды Қарақат көздеріңе қарай бердім Қызығы сол ма дедім дүниенің Күйдірер көлеңкеде өзегімді Махаббат неге сонша ыстық едің
Қайырмасы: Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен Жарқ етіп жоқ болдынғой қас қағымда Жарқыраған өзіңді қалай табам Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған белгісіз жан
2 Бақтарды сен екеуміз аралаған Бозартып тастап кеттің неге маған Жыл құсы секілденіп шалғай ұшқан Жете алмай қала бердім жаным саған Сәулесі айдың түсіп аймалаған Өзіңді қарағым-ау қайдан табам Сүйгеннің сүйіктісі болатындай Бақытқа ие болар қандай адам
Қайырмасы: Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен Жарқ етіп жоқ болдынғой қас қағымда Жарқыраған өзіңді қалай табам Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған белгісіз жан