Қ-сы: Түнде жұлдыз аққанда, Күндер жылжып жатқанда, Күнде таңың атқанда Ойлан, жаным. Менсіз бақыт тапқанда, Алыс қанат қаққанда, Суық қысқы ақпанда Тоңба, жаным.
Уақыт өзінікін алды, Уақытша бақыт сені де, мені де алдады. Салынды сергелдеңге, Жаным, сенгенменен екеуіміз. Тоймай қараумен көзіңе, Бақыт тауып алғым келеді өзіңнен, жаным, мәңгіге. Бақытыңмен табысшы бір түнде, Мұңдарыңды жоярсың біртіндеп. Кері келмейді ештеңе ол күннен. Айрылды көзім әдемі күлкіңнен. Жылыта біл, жалғыз жүрегіңді, Мен білем сенің түсінеріңді. Үзбейм деме менен күдеріңді, Бәрібір, бәрі бітті.
Қ-сы: Түнде жұлдыз аққанда, Күндер жылжып жатқанда, Күнде таңың атқанда Ойлан, жаным. Менсіз бақыт тапқанда, Алыс қанат қаққанда, Суық қысқы ақпанда Тоңба, жаным. Менсіз бақыт тапқанда, Алыс қанат қаққанда, Суық қысқы ақпанда Тоңба, жаным.
Уақыт өтпейді, біз өтеміз, білші осы бастан, «Уақыт емдейді» деген ұстанымыңды таста. Бізді ешкім күтпейді, бізді күтетін – Аспан, Жаратқанды ұмытпа, жаным, шектен аспа.
Шүкір де, әрбір таңың атылып жатыр, жаным, Жалғызбын деп күрсінбе, алда күтеді шын бақыт әлі. Білем, риза емессің тағдырыңа, Ия, мен сені түсінем, ол берілмеді қаңғыруға.
Шамалы жүргенім менің де жетісіп, барлығы кетсін, Қалдырсын жалғыз тағдыр, миымнан менің тепсін. Жоғалуға қорықпайм, Өмірім бітсе, жүрегімді қабіріммен қосып құлыптайм.
Сені тастадым қия алмағасын басқаны, Өмірім қайтадан ластана бастады.
Қ-сы: Түнде жұлдыз аққанда, Күндер жылжып жатқанда, Күнде таңың атқанда Ойлан, жаным. Менсіз бақыт тапқанда, Алыс қанат қаққанда, Суық қысқы ақпанда Тоңба, жаным.