1.Арман қуып ауылдан асып Келді көп қыз көп ұл Жатахана шағын қалашық Болды-ау мекен өмір Көбелектей жауынға ғашық Алып-ұшқан көңіл Көңіл тойған қарындар ашып Студенттік өмір
Қайырмасы: 2-рет Студенттік өмірді сағындым Бастауындай бағымның Студенттік өмір ең соңғы кезең Ерке шағымның
2.Өмірден аларым мейрімі ананың Ақылы ағаның содан соң басылар мектепте қадамын Өсесің, өнесің жадырап жанарың өзіннің қалауын Болашақ маманың өмірің, көңілін бір күні қуаныш бір күні бала мұң ей қарағым көресің көнесің мойнына артылған өмірдің талабын Айырып шындығын ағы мен қараның жақсы мен жаманның адал мен арамның жазылар арманың көк асып мерейің жер басып табаның тілінмен бұза бер тағдырдың қамалын ұштасын қаламын ашылсын қабағың бұл сенің заманың қадірің ұғынсан тәлімін беретін сыйлай бер өзіңді үйретер сабағын Мейрімді мұғалімдерім
3.Бізге берген барын Құрдастарым қыраным менің Қайдасыңдар бәрін Сырларым көп айта бермейтін Жабырқайды жаным Сағынғанмен қайта келмейтін Студенттік шағым
Қайырмасы: 4-рет Студенттік өмірді сағындым Бастауындай бағымның Студенттік өмір ең соңғы кезең Ерке шағымның