Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Mrb aka Merba & Aisezim - Лайықты махаббатқа | Текст песни

Періште тәрізді жарасымды күлімдейді
Жанарынан арам ойы білінбейді
Оның сөздері жан дертімнің дауасы
Оның демі бұл өмірімнің ауасы
Жаратқан ғашық етті жүрекке сезім сыйлады
Оны өзгемен деп елестетуге қимадым
Егер ол алыс болса сағынып оны тосамын
Оның құшағында еркінсезініп босадым
Бәлкім осы шығар шынайы бақыттың дәмі
Оның айтқан сөздері құлақтан кетпейді әлі
Көргенде тіл қатпадым құдды бұл сезім елес
Себебі оны сөзбен жеткізу оны мүмкін емес
Санамды жаулаған ойларым көбейіп барады
Шынайы махаббат қосатын екі араны
Сені сүйген жүрек сүйген үшін айыпты
Себебі жалғыз сен махаббатқа лайықты

Қайырмасы
Егер уақыт өтсе қайта қараумен сағатқа
Егер оны күтсең бір кездессем деп әр апта
Егер оны ойлаумен әрдайым таң атса
Демек ол жан лайықты махаббатқа

2)
Қаншама парақтың беті еш пайдасыз ластанды
Қаншама жанның көзінен осы үшін жас тамды
Іздейді әркім өзіне лайықты сыңарын
Жауапсыз калдырады қаншама адам сұрағын
Адасып жалған сезімге мас болып өкінеді
Сүймесе де қасымда болшы деп өтінеді
Жүректе сезім болмаса да\"Мен сүйемін\"дейді
Таңдаған жолың сол болса бақыт тілеймін мейлі
Бірақ шын махаббат бөлек орын алады
Оны іздейсің аралап түнгі қаланы
Суреттерге қарап естелікпен өмір сүресің
Ұмытпайсың себебі оны сүйесің
Әр атқан таң болады бақытыңа толы
Ол сен үшін келеді басқа болса да жолы
Бірден байқайсың бірден білесің сол екенін
Махаббатқа лайықты одан артық жоқ ененін

Қайырмасы
Егер уақыт өтсе қайта қараумен сағатқа
Егер оны күтсең бір кездессем деп әр апта
Егер оны ойлаумен әрдайым таң атса
Демек ол жан лайықты махаббатқа

Mrb aka Merba & Aisezim еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-