Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Mrb aka Merba x Qarakesek (DSL) - Ой 2015 | Текст песни

Түнек басқанда аспанды, жанардан жас тамғанда,
Адамгершілік өліп, аяқ асты тапталғанда.
Дін әлсіреп кеткенде, шыдам шегіне жеткенде,
Жаныңа жақын адамың тым келмеске кеткенде.
Сабырлығым біткенде, шабыт алмасам көктемде,
Болашақ деп қадам басар қарамастан өткенге.
Түтін толса өкпеге, дос айналғанда жауға,
Сүйген адамың балықтай түссе өзгелік ауға.
Таң атқаннан маңызын жоғалтқан кезде шыдаммен,
Төменге қалдырма жүргенде биікке шығам деп.
Ұғам деп айналаны құр алақанды алғанда,
Жазуға хат жетпей тұрып сып суреттерін салғанда.
Мендегі ой біреудің дертіне айналған кезде,
Тоқтатуға бұйыр мендегі сөз-шабытты лезде.
Расында, мен – алдыңда жай ғана әлсіз пендемін,
Жылдар бойы жинаған дерт түкке тұрмайды мендегі.
Бұл қоңыр күз көңілге әсерін енді бермейді,
Табиғат дауысы жүректі әсем әнмен тербейді.
Мүмкін белгілі шығар бұл аспаннан келген адамға,
Ешкім көп мән бермейді, мән аудармайды басқа қадамға.
Мен үшін бақыт – әрбір дем сен бұырған, шын айтам,
Маған тек бір сәт берші, мен сосын тез кейін қайтам.

Қ-сы:
Ол түсіне алмады жанымның жарасын,
Ол өзіне қойған өткінші өмір бағасын.
Түсініп қарасаң, әрбір дем – асыл,
Сен өзің айтшы, қайда барасың?
Сен өзің айтшы, сен қайда барасың?

Алдыма жоспар құрмадым, өйткені алдағыны білмеймін,
Сен сияқты ерікпеймін, ол сияқты ерікпеймін.
Мен айтарымды айтамын, кетемін содан кейін,
Мен тастаймын тастағанды молама топырақ үйіп.
Ол күн де алыс емес, ажал маған қарап тұр,
Бетіме күніне бес рет қарап, кезегімді санап жүр.
Сендер жай баратын жерге мен жүгіріп барам,
Сендер жүгіріп баратын жерге мен жай барам.
Әр әріп бекер ме сонда туып жатқан,
Елдің ашық көзі қайда жабылып қуып жатқан?
Елді көрем, еліме сәлем ұлты орыстан,
Маған жоламаңдар, шықпаңдар, с*ка, сол бұрыштан.
Атаңның басы саған, мені бағаламасаңдар,
Арттарың қышиды-ау дим, с*ка, маған абаламасаңдар.
Осы кезден бастап кімнің кім екенін біліп алсаңдар,
Жақсы болады (дид).

Қ-сы:
Ол түсіне алмады жанымның жарасын,
Ол өзіне қойған өткінші өмір бағасын.
Түсініп қарасаң, әрбір дем – асыл,
Сен өзің айтшы, қайда барасың?
Сен өзің айтшы, сен қайда барасың?

Mrb aka Merba x Qarakesek (DSL) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1