ИншАлла сол күн келеді Ақ мата орап киетін ИншАлла сол күн келед Қағбаға маңдай тиетін ИншаАлла сол күн келед Түзелер менің ниетім ИншАлла сол күн келеді Мен білемін мен сенемін
ИншАлла сол күн келеді мен білемін Отбасым және достарым сәждеге басы тиетін Әділ және мейірімді Жаратушы мен білетін Иншалла сол күн келер мені Аллах кешіретін Жасырмаймын жасадым күнәларды мыңдаған Иманыма әл бермей ішімдікті қолданғам Жалғыздықта қалғанымда ой салған жалғыз шайтан Ойым сол мұның бәрін қабірде қалай айтам Иншалла сол күн келер мына мен түзелетін Азан шақырып тізе бүгіп намаздан рақат көретін Бірақ өзім табамын тура жолдың амалын Ақылы керек емес маған ешбір адамның Ақылыңды маған берме өз орныңа қоректен Бұл өмірде мен тек қана бір құдайға сүйенген Мен де бақытты құл боламын уақыт өтсе ИншАлла Құл емеспін адамға құлмын тек жалғыз
Қайырмасы ИншАлла сол күн келеді Ақ мата орап киетін ИншАлла сол күн келед Қағбаға маңдай тиетін ИншаАлла сол күн келеді Түзелер менің ниетім ИншАлла сол күн келед Мен білемін мен сенемін
Бес уақыт намаздың орнына бес уақыт шылым шектім Бұл өмірдің рақаты байлық пен ақшада деппін Қараңғы түнекте қалғанда сәтте жарық көрінбейді Мен білемін ол жақта бай кедей деп бөлінбейді Өмір соңы өлім дейді ажалға уақыт келеді Кешір мені жаратқаным түсінерсің сен де мені Қаншама күнәлар жасадым сауаптар мүлдем болмады Сонда да шүкіршілік етемін барыма қолдағы Оңашадағы ойларым парақтың бетіне түседі Кешір мені Жаратқаным байқамаппын таң атқанын Жөнделуге тырысамын нәпсімен іштей күресіп Музыка,музыка,музыка басты күнә білесің Дұшпанымнан қорықпаймын көп болса атып кетер Достарымнан қорықпаймын көп болса сатып кетер Құл емеспін адамға,құлмын тек бір Аллаға Сөз соңында аитарым Лә илләһа иллә Алла