Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

MRB aka Merba - Уаде беремин | Текст песни

Уәде беремін көздеріңнен енді жас тамбайды,
Білмей өтесің өмір бойы сөзді мұң мен қайғы
Уәде беремін жұлдыздар куә аспан мен \"Айым\"
Уәде беремін бәріне шыдаймын Мерба дайын!

1)Кезекті өлеңнін шумағы басталды жаралы
Өзің ауыртсаңда өзің емдей білдің жараны
Қосатын екі араны сезім оралды бұл тағы
Білем сені қызықтырмайды адамның атағы
Білем сен ерекшесің өзгеден өзім кінәлі
Менен де жауап бар тек алдымен түсін мынаны
Сүйген адам ұғады осы шумақтардың мәнін
Өзіңе жыр жазамын деп талай таусылды әлім
Кешір мән аудармадым кезінде көңіл қалады
Сен ғана түсінесің көшеде өскен баланы
Сен ғана ерекшесің бәрінен бәрінеқойдым
Алдамшы сезімдір жетер енді ондайға тойдым
Сен ғана дәлілдедің нағыз махаббатың барын
Сен ғана сен сен сен менің болашақ жарым
Сен ғана дәлілдедің нағыз махаббатың барын
Сен ғана сен сен сен менің болашақ жарым

Қайырмасы
Уәде беремін көздеріңнен енді жас тамбайды,
Білмей өтесің өмір бойы сөзді мұң мен қайғы
Уәде беремін жұлдыздар куә аспан мен \"Айым\"
Уәде беремін бәріне шыдаймын Мерба дайын!

2)Әрбір қиналған кездерде жаныңнан табыламын
Сенсіз өтсе бір күн өмірден жалығамын
Сенсіз таң атпайды,сенсіз күндер батпайды тағы
Өзіңді кездестіріп жанды Мейірбектің бағы
Уақыт әлі алда уақыт дәлелдейді сенемін
Мен енді түсіндім өз-өзіме ненің керегін
Болашақта дер едім бақытты ғұмыр кешеміз
Бұйырса немерелерін көріп қалар әке-шешеміз
Неге десеңіз өмірдің мәні осының бәрі
Оның күлгені мен үшін қиналғаным да дәрі
Кетіңдер әрі көре алмайтындар бәріне айтыңдар
МРБ бақытты иә дәл солай
Жүректен қабылда жазған шумақтың әрбір мәнін
Өзіңе арналды осы бір жазылған әнім
Шақырымдар маңызды емес,маңызде емес қала
Бақытты ғұмыр кешеміз \"бұйырса иншалла\"

Қайырмасы
Уәде беремін көздеріңнен енді жас тамбайды,
Білмей өтесің өмір бойы сөзді мұң мен қайғы
Уәде беремін жұлдыздар куә аспан мен \"Айым\"
Уәде беремін бәріне шыдаймын Мерба дайын!

MRB aka Merba еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-