Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (1) (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе? (2) Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме? (3) Оларға топ-топ құс жіберді. (4) Құстар оларға балшықтан жасалған тастар атып; (5) Сонда оларды желінген топан тәрізді қылды.