Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. (1) (Мұхаммед Ғ.С.) Алланың жәрдемі және жеңіс келген кезде; (2) Адамдардың, Алланың дініне топ-тобымен кіргенін көресің. (3) Енді Раббыңды мақтай дәріптеп, Одан жарылқау тіле. Негізінен Алла, тәубені өте қабыл етуші.