Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

MusLim & Zeba(BozBala) - Бір өзіңсіз[Sinima beats][ML Production] | Текст песни

БІР ӨЗІҢСІЗ
[MusLim]
Келші маған, келші маған,
Тезірек қолыңды жаным берші маған.
Мен үшін арман биік шынарға шығып,
«Сүйемін» деп жар салу ғой сенші маған.
Апарайын сені серік жұлдыздарға,
Апарайын сені теңіз құндыздарына.
Апырай, күрең-қоңыр жібек шаштарың,
Көздеріңнен айналдым тіке қарағанда жылу шашқан,
Байлансын шашбау, сезімнен қашпа, қашпа,
Бол данышпан, сырыңды ашпа уыңды шашпай, шашпай.
Ренжіме қызғанамын,
Басқа біреу көз салып қараса бірден ызаланамын,
Алдыңда айыпты болсам кешірші қызыл қызғалдағым менің.
Қ-сы:
Бір өзіңсіз бұл өмірім өмір ме?!
Жаңбыр болып өлеңдерім төгілген.
Таңым да атпас, ұясына батпас күнім де,
Жас жүрегім өзіңді ойлап сөгілген.
[Zeba]
Сен болмасаң суы шөккен құрақпын,
Сен болмасаң қырандай құзға қарай құлаппын.
Бір өзіңсіз ашылмайды өмірімнің парағы,
Қара түнек болыппын өтпес күннің жарығы.
Сен бомасаң жаным енді атпас алауратқан келер таңым,
Теңіз болып ұлғаяды жасымменен зарым.
Түкке тұрмас бұл өмір, сайрамас енді көңіл,
Бұлақ болсаң сірә басылмас менің шөлім.
Сен болмасаң бүршік атпас көңілім,
Айтшы жаным көрер ме едің махаббаттың өлігін?
Жаным-ау неге бұлт боламын?
Жаңбыр шумақтарым, тақпақ болып жауаптарым,
Ішкі сырды сан ақтардым.
Бір өзіңсіз өмір бос, таба алмаспын бұған сөз,
Мені сүйем десең жауап қатшы ей қаракөз.
Өмірімнің жоғалар мәні менен сәні,
Бір өзіңсіз шырқалмайды махаббаттың әні.
Қ-сы:
Бір өзіңсіз бұл өмірім өмір ме?!
Жаңбыр болып өлеңдерім төгілген.
Таңым да атпас, ұясына батпас күнім де,
Жас жүрегім өзіңді ойлап сөгілген.
[MusLim]
Күні бүгін толған айдың жүзі еді,
Бейне бір бақшадағы жүзім еді.
Кірпігі мап-майда сұлуды жат-жайдан іздеп те таппаймын,
Сүйгенім, ақтотым мәңгі есіміңді жүректе сақтаймын.
[Zeba]
Сенсіз мен ұйқассыз шумақпын,
Өзіңмен бастауымын бұлақтың.
Өзіңсіз түн боламын,
Жылыуын бермес жанып өшкен күл боламын.
Тек өзіңмен құстай сайрайды ішкі жаным,
Бір өзіңмен татқым келеді ғой сезім балын.
Жұлдызы жоқ аспандаймын өзіңсіз,
Ал сенімен жаным жасқанбаймын,
Тек бір өзіңмен толыққанды дастандаймын.
Қ-сы:
Бір өзіңсіз бұл өмірім өмір ме?!
Жаңбыр болып өлеңдерім төгілген.
Таңым да атпас, ұясына батпас күнім де,
Жас жүрегім өзіңді ойлап сөгілген.

Другие названия этого текста
  • MusLim & Zeba(BozBala) - Бір өзіңсіз[Sinima beats][ML Production] (1)
  • MusLim & Zeba(BozBala) - Бір өзіңсіз[Sinima beats][ML Production][2014] (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-