АҚЫН. [1-куплет] Өз дегенінен қайтпайтын сөзімен жаратын мұз тасты, Көшелік бейне көзі өткір де ұшқыр алмастан. Әнге құштарлығы көркем, Жаңаша, өте тамаша, қарашы өскен өркені. Өз ісінде шебердің шебері, шындықты бетке басып айтар нағыз ақын қайсар сері, Уақыт тоқтап қалғандай болар еді, егер қайтса кері. Ол жайында жырла дер ем... иә! Ой қыры мықты жарыссамда да жықты, Өң бойыма қадір қасиеті вирустай тарап жұқты. Көтеріңкі көңіл, береке әкелді құтты, Құтқарды рухани байлықты жұттан. Парасатты ақындар да білемін анық аман жол Бет күйдіріп жанған от соңында ол сөнген шоқ. Сол секілді жат заттар одан алыс, Айбар кейіп танытса да, келмейді ақша табыс. Қ-сы: Ағызып сөз майын, айтуға сөз дайын, Жырлап бір жаздайын ақын жолын. Өмірдің жүз айы да, өтті өз ойынан, Айналды көзайымына жақын жорық. Дарыны бастан аяқ байқалды жастайынан. Дәуірі басталмай-ақ қатайды жас қайыңдай, Туған ана тілімен жібіте де білді жүректің тастайын да. [2-куплет] Ең болмаса жинақталып байланып бір бекімге, Неге мықты прозаны бағаламас әлдекімдер? өй де міне кілең судай сыңғырлаған жыр, Дәлме-дәл соған мысал зымыраған жыл. Шамадан тыс сынақты балқытады өлеңі, Қажеті болса, өшпейтін өнері үшін өледі. Күші көнедегі поэзиямен тепе-тең, Өлең сүйер тыңдарманға баяндайды тек тоқ етерін. Оқ өтеді біл, оның дара стилінен шыққан шумақтар қалағанын істейді мэн, Ел алдында адал еңбек еткені, хм... «Адамның ісі» - дейді, бееу... Сөздің сырын ұқыпта, ұрпақ мықтап ұғып, бақ! Өнер әдеп-ғұрыпқа емес ол бір қулықта. Қазағымның берген беделін жүрекке құлыпта, Шөліңді қандырғың келсе жырдан су іш терең құдықтағыдай. Сөздің сырын ұқыпта, ұрпақ мықтап ұғып, бақ! Өнер әдеп-ғұрыпқа, емес ол бір қулықта. Қ-сы: Ағызып сөз майын, айтуға сөз дайын, Жырлап бір жаздайын ақын жолын. Өмірдің жүз айы да, өтті өз ойынан, Айналды көзайымына жақын жорық. Дарыны бастан аяқ байқалды жастайынан. Дәуірі басталмай-ақ қатайды жас қайыңдай, Тұған ана тілімен жібіте де білді жүректің тастайын да. *** Өзіңді ақын санасаң, немесе жұрт сені ақын санана, Ешбірімен санаспа. Сөзімді жас ұрпақ, кәміл ұғып бақ! Ақиқаты осы...
Ағызып сөз майын, айтуға сөз дайын, Ағызып сөз майын, айтуға сөз дайын. Абай...