Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

MusLim - Бәрін айт та, бірін айт...[2015] | Текст песни

Бәрін айт та бірін айт...
[1-куплет]
Бәрін айтсам деуші едім, білгенімді қалдырмай,
Төгіп айтсам деуші едім, ағыл-тегіл жаңбырдай.
Күркіресем деуші едім, көкте ойнаған жасындай,
Өрт боп жансам деуші едім, өшіргенге басылмай.
Бұл өмірге келгем жоқ,
Отыруға қос қолымды қусырып,
Қанша мәрте оның кәусар суын ішсем де, қанбақ емес сусыным.
Неге жауабы жоқ бұл сырдың?!
Туғаннан соң өлерімді білгенмін,
Бірақ одан ойсырайтын мен емес,
Тер төккендер ешкімнен де кем емес.
Мейлі тіпті ерегес, түк таппайсың босқа,
Бір жақпайсың досқа, әр қайқайсысын нұсқап қайтем.
Пайда іздеме, ар ізде!
Байлар жүре берсін мал-мүлкімен даңдайсып озған, кейін тозған.
Ал сенің мақтанышың болатын, ол – ар-ождан.
Қ-сы:
Көңілім көл қабағым, қамалым.
Айыңдай ашық менің бар талабым.
Талпынса көкке үмітім,
Ұмтылады өрге қарай еппенен жаңа ағын.
[2-куплет]
Бәрі тыныш, түнерген аспан ашық,
Тума-туыстан жүрген емеспін мүлдем қашып мен,
Жүрегім асық өлеңге қашық, өнерге ғашық.
Тілімде сөздерім бар көнерген асыл.
Отырамын кейде достармен, күнді бірге батырып,
Келмегенін шақырып,
Езуін құлаққа жеткізіп жібереміз оны да қатырып.
Жұтып қоямын өзімде ала бұлттан ақырын.
Ай болса толған, жарқырап тұр көгімде,
Тұрғандай мөлдіреп жасы төгіле,
Бір кідірмей, бір мүдірмей төніп тұрды төбеден шөгіне.
Толған-ай ұнайды көбіне.
Иә өмір осы, қырандай ақ сұңқар,
Бәрінің жағдайын жасар мейірбан жоқ сұлтан.
Осыдан, түйгенім өмір ащы күйбелең,
Қалай болғанда өмірді сүйем мен
Қ-сы:
Көңілім көл қабағым, қамалым.
Айыңдай ашық менің бар талабым.
Талпынса көкке үмітім,
Ұмтылады өрге қарай еппенен жаңа ағын.

MusLim еще тексты


Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 1