Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

MusLim - Сөз сарының сыры сыңлы жыр сыңды ұйқаста(Intro)[Sinima beats][2012] | Текст песни

Сөз сарының сыры – сыңлы жыр сыңды ұйқаста(Intro).
Қ-сы:
Өтсін мейлі қанша уақыт,
Сезіндім мен талай бақыт.
Қалауым жоқ болу бай бақыл,
Сабыр сақтаймын қинаса да жақұт!
[1-куплет]
Алыстан бастала асықпай расталды,
Қара ысқа ластанды аспанның астары.
Басылма босқа санам қалыспай қоста ұстаңды,
Суық қыста сым мысқа қосқан ыстық ұстамды.
Ұйқастың құйқасы суырып салма дастанда,
Ұқпас қырсықтық ұсталмас қысқанда.
Арқасы құрысқан бұрыс таңдау мыстанда,
Соған қоса сау ыдысқа дұрыс таңда құсқандар.
Топасың сабақта отырмас салмақты,
Талас соғыс сынақта сыр берер солдат та.
Қысқа да нұсқасы аңсама маңсапты,
Асқар асқақ аспаптың асылынан ас ақты.
Масатыдай мақсатты жас ақындар қақсатты,
Ақсақ-тұқсақ жасақтың сызбасына жас ақты.
Сұлбасында қос аққу қабырғасы қайыспаған,
Майыспаған сылатар сөздерім сай сайыстарға...
Қ-сы:
Өтсін мейлі қанша уақыт,
Сезіндім мен талай бақыт.
Қалауым жоқ болу бай бақыл,
Сабыр сақтаймын қинаса да жақұт!
[2-куплет]
Жүректегі сырларым сырт көзге беймәлім,
Жұрт маған сыңмен қарайтын шығар бейқам деп.
Байқа кеп шертем сырымды тек,
Көңілімді қалдырсаң да сақтамаймын кек.
Көк аспандай кең жұмсақтығым адамдарға,
Әрине болмаса егер ол малдың қатарынан.
Ойлама жатарыңда және таң атарында,
Керекті заттарына жатқызбайды хаттарында.
Деп оттағаннан түк таппай артта қалма,
Ата баталарын ал маған аттанарда.
Мені қатал адам деп атағандар,
Шықпай жүрген атақтары өзінше бір атамандар.
Сөзімнің оты бар да ескеріп қой опырамын,
Салбырап қос омырау арттан шықпасын оқырауың.
Жырымның ырсып атылар мағынасы ой қопарар,
Сондықтан есті сопылар түсініп бәрін отырар...
Қ-сы:
Өтсін мейлі қанша уақыт,
Сезіндім мен талай бақыт.
Қалауым жоқ болу бай бақыл,
Сабыр сақтаймын қинаса да жақұт!
[3-куплет]
Болса да өмір қиын, соқса да мол құйын,
Онсыз да бүгін күйім жетпес бәріне дүйім.
Кимеймін сәнді киім қымбат емес те үйім,
Есейіп міне биыл салдым санама түйін.
Қалтамда біраз тиын жүремін оны тиып,
Жалғыз Алланы сүйіп басымды иемін сиынып.
Лаззатқа батқам жиі есімді алдым жиып,
Сондықтан да сұйық мінезім қазір тұйық.
Қалма маған бұртиып жұдырық алып түйіп,
Шешейік сөзбен биік жақсы жақтарын қиып.
Басыңда бар миың саған қыламын тиым,
Тар келмес тақияң ойыңды оқиын.
Жырыма болсаң бейім қалар есіңде кейін,
Асықпай тыңдар мейлі уақыт бар оған дейін.
Waiting for the DAY өкініп қалма деймін,
Күнделікті бұл бұйым болсын сендерге сыйым!
Қ-сы:

MusLim еще тексты


Другие названия этого текста
  • MusLim(Aspect) - Сөз сарының сыры сыңлы жыр сыңды ұйқаста(Intro)[Sinima beats] (0)
  • MusLim - Сөз сарының сыры сыңлы жыр сыңды ұйқаста(Intro)[Sinima beats][2012] (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1