Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

MusLim(Aspect) - Бойтұмарым[Sinima beats][Way up records][2013] | Текст песни

БОЙТҰМАРЫМ.
[1-куплет]
Айдай әсем оның көркі ғашық қылады шіркін,
Ешбір жанға бұйырмайтындай жүрегінің кілті.
Жарасады оған күлкі, майысқан ұзын кірпік,
Күтпеген жерден іштегі сезімге болды түрткі.
Білектей арқасында ұп-ұзын өрілген бұрым,
Көрмегем бұрын, қырлы мұрын.
Тістері маржандай, ақ тамақты,
Жүректі жаулап алғандай...
Бұраң бел, ашық жүзді, қара қасты,
Табан асты кезіккен қарындасқа сүйсініп қарап маспын мен,
Жоқ шығар бұдан басқа-басқа, арман асқан.
Қасына жақын барсам көзбе-көз, сөзбе-сөз жарасып қалсақ, есімін сұрап алсам,
Аңсарым едің, таң сәредегі, нәсіп еткен Алланың сыйы ма едің?
Қ-сы:
Сен сағынғанымсың, сағынарымсың, шыдап күткен
асыл бағымсың,
Маңдайыма жазған жарым, бәлкім сендағы қол жетпес алыстағы сағымсың.
Балдай шырынсың, қандай жерденсің?
Естен тандырып баурадың мені шын.
Аппақ гүлім, пәк гәккуім,
Дәл бүгін тәп-тәтті үнің.
[2-куплет]
Біртіндеп өтті күндер, түндер барып таныстым үлгеріп,
Сезімін оятып бақтым саябақтан теріп гүл беріп.
Құлатты мені! иә, ұнаттым сені! иә, бұл тура сериал.
Көзіме қиылып қараса, қаламын сасқалақтап,
Өзі тура тәтті, жаңа пысқан қызғанақтай.
Айдын көлде жүзген аққуым,
Саған шын ғашық болғаныма осы өлең нақты ұғым.
Егерде қолым тисе нәзік білегіне,
Лүпілдеп қан соғады бірден жүрегіме.
Бетімді таяп барсам болды тамағына,
Шымырлап бу ене бастайды барлық сүйегіме.
Неге мен оған таң қаламын? жан емес пе ол - бар қалауым,
Жалғыз ару сол ғана мына жарқын зор ғаламда,
Кең пейілді, жүрегі жұмсақ, жақын жанашыр бойтұмарым,
Жылытар жаурап тоңғанымда.

Қ-сы:
Сен сағынғанымсың, сағынарымсың шыдап күткен
асыл бағымсың,
Маңдайыма жазған жарым, бәлкім сендағы қол жетпес алыстағы сағымсың.
Балдай шырынсың, қандай жерденсің?
Естен тандырып баурадың мені шын.
Аппақ гүлім, пәк гәккуім,
Дәл бүгін тәп-тәтті үнің.
***
Бойтұмарым қанып тоймас құмарым,
Сені көрсем болғаны мәз боламын да тұрамын мын-мын.
Бойтұмарым қанып тоймас құмарым, құмарым,
Сені көрсем болғаны мәз боламын да тұрамын.
Қ-сы:
Сен сағынғанымсың, сағынарымсың шыдап күткен
асыл бағымсың,
Маңдайыма жазған жарым, бәлкім сендағы қол жетпес алыстағы сағымсың.
Балдай шырынсың, қандай жерденсің?
Естен тандырып баурадың мені шын.
Аппақ гүлім, пәк гәккуім,
Дәл бүгін тәп-тәтті үнің.

Другие названия этого текста
  • MusLim(Aspect) - Бойтұмарым[Sinima beats][Way up records][2013] (0)
  • MusLim(Aspect) - Бойтұмарым[Sinima beats][Way up records][2013] (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-