Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

MusLim(Aspect) - Іздеймін мен[Way up records][2012] | Текст песни

ІЗДЕЙМІН МЕН.
Қ-сы:
Мен іздеймін сені айлы түнде,
Өзің келмедің жаныма мүлдем.
[1-куплет]
Келемін мен қараңғы көшелермен қадам басып,
Жарық сөнген даңғылдарда дәл қазір қарық басым.
Күндізгі тірліктен кейін жұрт болған амандасып,
Іздегенімді табармын, басқасы қараң қалсын.
Ойыма салынған соң жүрегімнің сыңары,
Қыздарды іздеп азғырмаймын, бір ұрттап алып сыраны.
Досыма тапсырамын ақкөңіл, сыпайы жанға,
Адал бауырым сол ғана, өзгелері болса жалған.
Осы жаман, сенім артасың мол,
Жүзіңді жерге қаратады қозған арқасы оның.
Аптасына ол бір рет те сені іздемейді,
Ондай достармен енді араласқым да келмейді.
Тағы да не дейін, жетер олар жайлы бәлкім,
Арманыма оралайын іздейтін әр түні.
Алтыным, баға жетпес қазынам,
Қайдасың сұлу жан қабағыңнан назды ұғам?!
Қ-сы:
Мен іздеймін сені айлы түнде,
Өзің келмедің жаныма мүлдем.
Естілді дауысың сәбидей күлген,
Іздеймін сені аңқыған гүлден.
***
Сенен басқа, басқа, басқа,
Жан жоқ асқан, асқан ерекше.
Сенен басқа, басқа, басқа,
Жан жоқ асқан, асқан ерекше.
[2-куплет]
Жан-жағыма қарап, жаутаң қағып барамын,
Ойымды жазуға қолымда бар қалам, парағым.
Қала қараңғы, әлі жарық көрінбейді,
Соған жету тым алыс, алып Балқаш көліндей бір.
Өмірдегі лайықты тірегім жолықпады,
Шынайы сүйген қызыл гүлім қазір солып қалды.
Сорлы бағым жанбады әлі күнге,
Тосып жүрмін сол аруды ұйқы көрмей мына түнде!
Тура түрме менің жүрегімнің төрі,
Пәк махаббатсыз қазылып тұрғандай жерде көрім.
Табылса көрім айдында жүзген аққуым,
Болсам ғой шіркін күйде басыма бақ қонған.
Бақырдым, одан да түкте шықпады,
Кезіккен маған жандардың өте кіші қамы.
Ұшықтады әжем талай рет,
Әлі де жүзіп келемін ағынға қарай беттеп.
Қ-сы:
Неге жоқсың еркем-ай?
Жалғыз жүрмін, енді не етем-ай?!
Ертен бағым жанбаса,
Жұмыр басты пенде екем-ай.
***
... басқа, басқа, басқа,
Жан жоқ асқан, асқан ерекше.
Сенен басқа, басқа, басқа,
Жан жоқ асқан, асқан ерекше.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-