Мен - Қазақпын http://vk.com/men_qazaqpyn (Нағыз ұлтжандылар отауы)
Зымырап өте шығар-ау жалған лезде, Өшпестей көрінгенмен бала кезден. Тағдыры талайлардың-оу түгесілді, Арманға қол созымдай қалған кезде.
Әттең-ай өткен-ай, Оралмайтын жастық көктем-ай. Өтпелі-ай Сол көктемнің көңіл кептері-ай.
Жан білмес бұл өмірдің-оу заңы қандай, Белгілі бедері жоқ сағымдардай. Өмірге есік ашсаң-оу таң алдында Сол есік кеш батқанда жабылғанда-ай.
Әттең-ай өткен-ай, Оралмайтын жастық көктем-ай. Өтпелі-ай Сол көктемнің көңіл кептері-ай.
Мүмкін ба-ай, мүмкін ба-ай, Қайтаруға қайта сол күнді-ай. Шіркін-ай, табу қиын өмір кілтін-ай Шіркін-ай табу қиын өмір кілтін-ай Шіркін-ай, Шіркін-ай...