Мен - Қазақпын
http://vk.com/men_qazaqpyn (Нағыз ұлтжандылар отауы)
Жарқырап жайнашы жұлдызымдай менің жаным-ау,
Сайрашы бұлбұлымдай менің жаным.
Жадырап жаз гүліндей күлімдесеңші,
Балауса арналады саған әнім.
Көзімде түпсіз тұңғиық
Тұрғандай тұнып түн ұйып.
Өртедің өзің жүректі,
Қол жетпес арман шын биік.
Қалдым ба сені шын сүйіп?
Қайырмасы:
Жарқырап жайнашы жұлдызымдай менің жаным-ау,
Сайрашы бұлбұлымдай менің жаным.
Жадырап жаз гүліндей күлімдесеңші,
Балауса арналады саған әнім.
Алаңсыз жүрген кезімде,
Жалт етті сәуле көзімде.
Ғашық боп жаным өзіңе,
Бөлендім нәзік сезімге,
Таусылды менде төзім де.
Қайырмасы:
Жарқырап жайнашы жұлдызымдай менің жаным-ау,
Сайрашы бұлбұлымдай менің жаным.
Жадырап жаз гүліндей күлімдесеңші,
Балауса арналады саған әнім.
MuzArt еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2