Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

[muzmo.ru] Максат Ынтыкбаев - Кош махаббат [muzmo.ru] | Текст песни

Қош, сүйіктім,
Есіңе ал сол бір күнді,
Менен артық сүйсең де мейлі кімді.
Есіңе алсаң егіліп жылағайсың
Жайлауды, шулы өзенді, Айсыз түнді.
Жарқырап найзағайдай сөне қалған,
Жастықтың тұңғыш нәрін сенен алғам.
Сәбилік пердеңді мен дал-дұл етіп,
Махаббаттың тәттісі саған тамған.
Күнәсіз сәбилікпен ойламаған,
Жасырып махаббатпен қайнамаған.
Жаныштап жетілмеген екі алмаңды
Астынан тамағыңның аймалаған.
Қош, сүйіктім
Есіңе ал сол бір күнді,
Менен артық сүйсең де мейлі кімді.
Есіңе алсаң егіліп жылағайсың
Жайлауды, шулы өзенді, Айсыз түнді.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-