Салем жаным ,жағдайың қалай алтыным. Сағынышым өн бойыма тарап, қиялдап барамын. Өзге сезімдей емес, өзге күндердей емес. Шыдамсызданып барамын, көз алдымда сен елес. Ұмытқанмын деп ойладым, бірақ жүрек шығармапты. Таңды атырып сені ойладым, сезім әлі құламапты. Өзгенің бақыты болдың, әлде біреу алып қашып. Қайтейін қайғыдан тоңдым, салт-дәстүрменен шатасып. Құлағыңа сырға сапты, менде қандай амал болсын. Басыңда ақ орамал, беташарыңдыда көрдім. Біраз көнбей жылағаның, көрініп тұр көздеріңнен. Бақытты едіккой жаным, неге тағдыр көп көрген? Мені ұмытағой енді, кінә іздемеймін сенен. Қосағыңмен қоса ағар, ана боласыңғой ертең. Менде жолымды табайын, мұнымыз дұрыс емес. Тағдырдың жазуы осы кері айналып келмес.