Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Nasr aka Tabynai - #GHR# | Текст песни

Мен сені ұнатамын,
бұл жүректің қалауы.
Білем жақында таныстық,
болсада уақыт санаулы.
Мен туралы түк білмейсің,
сөзіңе сенбеймін дейсің.
Шатасып бақытыңнан,
бір күні опық жейсің.

Көңілім қалап тұрғасын,
айттым жасырмай сырымды.
Түсінігің қатты ұнады,
қайтем әдемі түріңді.
Білем ұсқының бұрымды,
шамалыны сындыратын.
Тартымды сүйкімділігің,
бір көргеннен кетті басым.

Ойымда тұрған нәрсені,
бала құсап жасырмаймын.
Қаламасаңда болам деп,
мойныңа кеп асылмаймын.
Тағдырыңа бас сұқпаймын,
ұнамасам қоя салам.
Талғамыңа сай келмесем,
жалынбайтын шығарман саған.

Енді нағылдейсің маған,
дос болып қалғым келмейді.
Сенімен жақын сөйлессем,
сезімнің дерті кернейді.
Мендегі сезім өлмейді,
қатынасты үзбейінше.
Бүгін бәрі аяқталды,
таныссақта күні кеше.

Қайырмасы:

Дәлелдеп сезімді не қыламын,
дәріптеп қадірін елемесең.
Сенсізде өмірге мен ризамын,
кеткен жоқ ешкімде менің есем.

Жігітке сенбеймін дейсің,
кім сені бұнша алдаған.
Талғамың нашар болғасын,
жолыққан шығар оңбаған.
Көптің бірі емеспін саған,
көргеніңді айта берме.
Сен туралы іздейтін болсам,
естімеген көпқо елде.

Сен бір үйдің қызы болсаң,
мен бір үйдің баласымын.
Қалайша сен менсінбейсің,
көздің алтын қарашығын.
Сөздерімнің мәнін ұғын,
маған назарыңды бұрып.
Сыртымнан шешім шығарма,
жан дүниемді білмей тұрып.

Махаббаттың не екенін,
сен әлі дұрыс білмейсің.
Ұнатамын деген сөзің,
өткінші соғар жел дейсің.
Кездесугеде келмейсің,
уақыт бөліп едім саған.
Сеннен басқа ешбір қызға,
бұндай бақыт бұйырмаған.

(c) Nasr aka Tabynai

Nasr aka Tabynai еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-