Мен өзім білем, қысқасы не істесемде. Құқығы жоқ ешкімнің, дегенін күштеп істетуге. Сен мені түсіндіңбе, қақпақ болуды қойың. Не айтамын не қоямын, бұл тек жалғыз менің ойым.
Тыңдарман тыңдай білсін, қаласа егерде. Құрметімді жолдаймын, сенімен біргемін дегенге. Теңемеймін өнерге, қазақша рэп дегенді. Бұл тек еркіндік алаңы, мүмкін көшенің өнері.
Тыңдармандарым біледі, қазақша рэптің ләззатын. Nasr aka Tabynai, нақты көргенін жазатын. Өткеннен шумақ қазатын, нағыз Нұргелді таза атым. Туған жері МАҢҒЫСТАУ, қара баласы қазақтың.
Сыйластық деп білемін, жолдаған жеке құрметіңді. Бұлжытпай орындаймын, үміт артқан міндетіңді. Ұйқысыз өткен түнді, шумақтап атқан таңдарым. Ойымды менің түсінетін, тыңдармандарға арнадым.
...
Қызықтырмайды мені, өзгелердің сандырағы. Шумақтарым қашанда, қышуыңды қандырады. Іштеріңді жандырады, тұз жалағын ішің күйсе. Жақсы жағынан әсерлі, тыңдаған жан түсіне білсе.
Тоқтап қалды деп ойлама, мен әлі бастамадым. Жаңалықтар күтіп жүрсең, мен рэпті тастамадым. Лирика қақсағаным, хип-хоптанда үміт үзбе. Андерграунд хардкорда бар, күтсең бәрі шығады бізден.
Әлі талай бағындырам, биік-биік белестерді. Түсіремін бейне баян, заманға сай елестерді. Әлі талай көп нәрсе бар, көздегенім жоспарларда. Ертең қызығын көремінғо, қолға таяқ ұстағанда.
Асықпаған арбамен, қоянғ жетеді деген. Әлі талай қауышамыз, деген бір үмітке сенем. Осы жерде қош айтысып, іні аға апа қарындасым. Тілерім бейбітшілік, ертеңіміз таусылмасын.