Барлығы бос, ойлағаным сен туралы. Армандап біреудің, сүйгенін қойнындағы. Бәрі бір ойымдағы, шындықпен бөлісемін. Өмір атты жолында, жолығамыз көрісерміз.
Әлі талай әңгіме бар, сен туралы айтылмаған. Мен қалайда жеткізудің, бір әйтеуір жолын табам. Естіту үшін саған, барам түрлі қадамдарға. Жұбайыңа білдірмеймін, ол үшін алаңдама.
Қоршалсаңда қамалдарға, мен бәрі бір тесіп өтем. Білесіңғо мақсат қойсам, көзденіме жетемін. Онсызда көрдің бетерін, бұдан былай қарсыласпа. Әңгіме болады басқа.
Менің көздеген жоспарым, сендерді айыру емес. Жақсылық тілеймін жалғыз, тек бақытты ғұмыр кешің. Соншалықты кеткен есім, қалдым саған бауыр басып. Ең болмаса сағынғанда, келіп тұрайын араласып.
*** * ***** * ***
Сағына берем сені, сағына берем жаным. Айтудан жалықпадым, махаббатымның әнін. Сағына берем сені, өзім білмимін неге. Сағыну үшін жаным, адам боп жаралғанмын.
*** * ***** * ***
Маған бұйырған олжасың, қол тигізіп ала алмаған. Тағдырыма жазылсаңда, маңдайыма жазылаған. Қосағым боп саналмаға, тек мен үшін жаралмаған. О бастан неге жолықтың, өшің барма ала алмаған.
Осыдан кейін маған, бұдан әрі не демексің. Соңғы сөзіңді айт дегенде, мен әдейі ерегестім. Әлі сүйемін демеспін, олай деуім артық болар. Бірақ қатты сағынамын, жақсы көргесін шығар.
Шын сүйген адам ұғар, сағыныштың не екенін. Мүмкін ұятта шығар, көңіл айтып сыр шерткенім. Бірақ тегіннен тегін, шабыт келіп маздамайды. Артық кетсем айып етпе, шамадан тыс өзің жәйлі.
Айтар сөзім таусылмайды,бұл фәниде тірі жүрсем. Әлі талай жолығармыз, егер ұзақ өмір сүрсем. Айтар сөзім таусылмайды,бұл фәниде тірі жүрсем. Әлі талай жолығармыз, егер ұзақ өмір сүрсем.