Сен мені кінәлама, хабарсыз кеткеніме. Екіге бөлген бізді сен, өмірге өкпелеме. Мен сенсіз өмір сүрем, өзіме өкпелеумен. Сонда да сүйіп өтем мен, өзгеге кеткеніңмен.
Ол сені жылатпасын, мұңайтпасын жанарыңды. Ісіңе мін артпасын, құлатпасын талабыңды. Бақытты жанарыңды, әрдайым көргім келет. Жаутаңдап қала берем, ішімнен бақыт тілеп.
Мен сені қоса беремін, кез келген өлеңіме. Көзімді жұмсам болды, бейнеңді көре берем. Алдыма келе берет, мөп-мөлдір қою көзің. Мен тыныш ұйықтай алмаймын, бәріне себеп өзің.
Сабырмен қашты төзім, оңаша жалғыз қалам. Өткенге көз жүгіртсем, тағдырым тарам-тарам. Жұрттың барлығы бақытты, бақтсыз жалғыз адам. Сонда жетпей қалдыма не, шынымен бақыт маған.
*** Көне берем ырқыңа жәнеде дегеніңе. - жәнеде дегеніңе. Айналмайсың білемін сен менің сүйгеніме. - сен менің сүйгеніме. Жараласаң жанымды аямашы-аямашы. Болсам егер кінәлі мен сені сүйгеніме. Қайда кеттің жаныңмен жағаласып-жағаласып. Айналып баяғыша қайтадан келмедіңбе.
***
Соқсада сендеп жүрек, сезімді бөгей берем. Сен жайлі сезім менде, тұңғиық түбі терең. Өзімді алдап келем, қиялда самғап келеп. Сөзіңе сеніп алғам, тек сені сүйем деген.
Сенде кеттің сезім жетім, мен үшін өмір мұңды. Бәрі бітті қашты құтым, ұрлаттым бақытымды. Тонаттым жақұтымды, мен үшін болған құнды. Сұрамай алып кететін, ол соншама қандай жынды.
Көзіңді жәутеңдетіп, ол ертең жылатпайма. Жүзіңе көңіл бөлмей, еселеп мін артпайма. Ол қазір бұлақтайма, сүттен ақ судан тұнық. Бәрі еркекті мендей деппең, алдайды ол күліп тұрып.
Сен кеткелі жүзім сынық, баяғыша күле алмаймын. Ұмыт деседе достарым, бәрі бір тіл алмаймын. Мен өзгені сүйе алмаймын, дұрыс жағынан түсінерсің. Жұбайың жоғалып кетсе, кешірерсің кешірерсің.