Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Nasr - Сүйгеннен туындаған күйген өлең | Текст песни

Сүйгеннен туындаған күйген өлең.

Сен үшін шығармаймын енді өлең.
Сындырдың ұша тұғын қанатымды.
Япырмай не көрмедім мына сеннен.
Доғармадың жүрегімді қанатуды.

Көзге ілмей сезімдерді елемедің.
Зая қылып алдым қанша сағатымды.
Сезімнен пайда болған мына жүрек.
Қаншма өліп қаншама жаратылды.

Билігіңді жүргіздің жүрегіме.
Ұйқысыз өткіздірдің қара түнді.
Сені ғана көретін көздерімде.
Қаншама кірпік ілмей таң атырды.

Иттігіңнің бәріне шыдап келем.
Жая алмай талпынған қанатымды.
Сүйгеннен туындаған күйген өлең.
Санамнан ыза болып жаратылды.

(c) Nasr

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-