Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

NAT - GHR | Текст песни

Қалай мен ұмытайын, түсіп жүрсе еске бәрі.
Ақтарсам суретіңді, көңіл шіркін ұмтылады.
Көзіме мұң толады, өзіңді еске алсам.
Үнемі сырттай көрем, жүзің көрінет шаршаңқы.

Өкпелейтін боларсың, өкініп өткеніңе.
Өз қолымменен орнаттым, қоңыр күз көктеміңе.
Ендеше өкпелеме, мен саған артық айтсам.
Екі айналып келіп қонбас, бір ұшқан бақыт қайттан.

Өзіме іштей айтам, қадірін білмедің деп.
Біраз толықсып кетіпсің, алмен кеттім қатты жүдеп.
Ашуланып жүрме түтеп, білесіңғо шынымды айтам.
Хабардармын сен туралы, қашанда барлық жәйттан.

Жаралы сезімді айтам, жауапсыз қалған сұрақтар.
Мүмкін қарсы емес шығарсың, өзіңе қалсам тұрақтап.
Зулап жылдар айлар өтті, бір сәтте ұмытпадым.
Кейде өзіне тартып тұрады, сенің тәтті қылықтарың.

***

Істедім барлығында, өткенді сағынсын деп.
Қателескен тағдырдың, заңына бағынсын деп.
Бұл рэп, саған жазылған арнайы.
Шын жүректен өзіңе, осы тректі арнаймын.

***

Ұмыттым деме өтінем, өшірдімдеп естен бәрін.
Көзімді жұмсам көрем, сол күнің қызықтарын.
Мен әлі ұмытпадым, алты әріп есіміңді.
Деуші еді сүйген жандар, қашанда кешірімді.

Ұқсамайды күндерім, баяғы күндеріме.
Сыйқы кеткен сыңайлы, ұйықтайтын түндердіңде.
Жалықтым жалған күле, мұқтажбын бір белгіңе.
Әр күніме үміт артып, осылай өмір сүрем.

Алыстап кетсеңде меннен, мен сені айыптамайм.
Біле-білсең өмір толы, сен білмес ғажайыптарға.
Өмірім әлі алда, білімімнен жеміс көрем.
Қашанғы жүрер дейсің, сен жәйлі жазып өлең.

Байқасаң санам терең, жәнеде ұшқыр ойым.
Шын бейнем сараң қасқыр, ақылмен монын қойдың.
Кейпіне еніп жүрем, сарғайған күздей күрең.
Мен кімнің-кім екенін, айтай-ақ іштей білем.

(c) NAT [2016]

NAT еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2