1) Ол кезде бес жастамын, күдіктене бастадым Неге менің тегімде аты жазулы басқаның Санам сезініп, оянып, сұраған едім бәрінен Ол кезде айтпады маған әкемнің тастап кеткенін.
Санасы оянбаған жанның жанары нұрланды Анамның жүрегінің мықтылығына қуандым Қанбаған құмарының құрбаны боларын білмеген Оның қара басында, қыз қалмапты көрмеген
Деген әнгімені бастады үлкен қария Ол әулетпен бірге болған бұрын олар жанұя Тентектігі басылмай көптеген қателік жасап Әйелі мен қызы барын айтып, бізді тастап
Бақытты өмір сүремін деп бізді ұмытқандай Ақыл есі жоқ пенде Әке болады қалай? Тағдыр енді солай жазды маңдайыңа Тағдыр әкесіз өмірді жазды маңдайыма
Қайырмасы: Ойламадым, олай кетеді деп Өзімді алдадым, болды жетеді деп Кетеріңде, артыңа қарамастан Ендігі орның жоқтай, жаңа өмір бастап
2) Мен он тоғыз жастамын, сені әлі көрмедім Маған аяны тек қана аяқ басып жүргенің Біз осы өмірде, бір қалада тұрсақта Қалай есіңе алмадың, мен жатқанда құрсақта
Бұл тылсым дүниеге, соншама асыққаным Арадағы оқиғаға артық болса бас сұққаным Ұқпадым әліде мен жетпей өз дегеніме Қанымда сеннен тараған мінезің енгеніме
Жалғыз сенерімде, қорған болатын адам Он тоғыз жасыма дейін баспағаныма қадам Өмірдің талғамы, қисың сынақтың белгісі ме Мүмкін шаршамадың әлі тағдырмен ерегесуден
Мен күтпеген өмірге, келдім аяқ астынан Сондай қиыншылықта, болмадың қасымда Басымда ойлар, алға қадам бастым да ӨМІРДІҢ КӨП ТАЛҒАМЫ, ҚАТЕЛІК АЯҚ АСТЫНДА.
Қайырмасы: Ойламадым, олай кетеді деп Өзімді алдадым, болды жетеді деп Кетеріңде, артыңа қарамастан Ендігі орның жоқтай, жаңа өмір бастап