NM x QARAKESEK x D.A.S – Қайта келме Мәтіні: Қайта келіпсің ғой, баратын ешқандай жер қалмағасын, Мен сол қарапайым баламын сен кетіп қалғасын. Олар аға ма саған кешке мазалап соғатын, Шатастырып алдық, мүмкін тағдыр берген сұрақ. Мені ұмыт, болды, ешқандай сезім қалмады, Бізге берілген мүмкіндіктерді бағалай алмадық. Лезде аяқтап тастадық уақытынан тым ерте, Мен үнсіз көп жүремін, ішімдегінің бәрі – өкпе. Басынан бастап қайтадан келу ма ойыңдағы, Қызғаншақпын қатты, ол да мінезім бойымдағы. Ойлан, өзгерді сен үшін кемшілік тыйылмады, Ал мендік жүректің ақ түсі қараға боялды. Шынында, ойлаған армандарымыз болды жарамсыз, Қанша тырыстық тағдырға, соңында қалдық шарасыз. Өкінбе, өтінем, бітерін осылай білмедім, Сен жайлы сұраса адамдар, мақтаумен жүремін.
Қ-сы: Жүрегіме қалай кірдің, Ойлап едім жабық деп. Көңіліме талай мұңды Сала беріп түнек қылдың, жарық бер. Өзімді түсінем Ұмыттым деп есіме түсірем. Шықпады-ау бейнең де түсімнен, Кім жатыр тап қазір үстіңде?
Ораламын дейсің бе қайта қазығыңды тауып, Бітірдің ба не жатып ләззатыңа ерте батып? Қатып қалдың ба қысың ерте келіп өзіңе, Неге екенін білмеймін, алмадым мен сезіне. Болды, тасташы бітті, үмітім үзілген, біл сен, Өзгелерге бара бер, бар қызығыңды көрсет. Қайғылы неге менде бар сөздерім ішімдегі, Саған сұрақ қойғам, жауаптары шешілмеді. Армандарың бітпеуші еді, қайсы сол армандарың, Болашаққа бару еді, білмеймін қалғандарын. Сен жүрсің бе шындықта, мен мұнда – жалғандамын, Жасаудамын мен де қайтармаудың амалдарын. Жай досым деп таныстыр өзгелер танып жатса, Саған түсіну қиын, сезімге терең батсаң. Бара алмайсың менімен тұңғиық бір сезімге, Қаламаймын, айта алам бұл сөзімді көзіңше.
Қ-сы: Жүрегіме қалай кірдің, Ойлап едім жабық деп. Көңіліме талай мұңды Сала беріп түнек қылдың, жарық бер. Өзімді түсінем Ұмыттым деп есіме түсірем. Шықпады-ау бейнең де түсімнен, Кім жатыр тап қазір үстіңде?
Жанындасың өзге біреудің, Кешір, кейде реті келмей қалады дұрыс сөйлеудің. Тіпті дұрыс теңеуді мен саған бере алмадым, Сенің қателігің – көзімнің, кешір, көре қалғаны. Сондай адаммын, кешір, мүлде мен өзгере алмадым, Сен орындап кеткелі, жаным, өзгенің арманын. Әйтеуір келемін әрбір күн-түніме алданып, Сен оған ерген сайын жүректен дым қалмады. Барамын жалығым, білмеймін, барлық заттан, Бүгін-ертең хабар келетіндей маған арғы жақтан. Алдыға қадам бассам, қадамның арты қақпан, Солмаған гүл қалмапты жиі баратын бақта. Оны да мен сияқты таныстырдың ба шешеңмен, Неге оның алдында киімің өз қолыңменен шешіледі? Назарын алды бір түні, қалған ойларың кешеден, Табандар тоздырған әлі табылам қара көшеден.
Қ-сы: Жүрегіме қалай кірдің, Ойлап едім жабық деп. Көңіліме талай мұңды Сала беріп түнек қылдың, жарық бер. Өзімді түсінем Ұмыттым деп есіме түсірем. Шықпады-ау бейнең де түсімнен, Кім жатыр тап қазір үстіңде?