Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Nogaev Mukhan - "" << Ұмытармын бір күні >> "" | Текст песни

Ұмытамын бір күні

Үміт жібін байладым сендегі жоқ сезімге,
Жүрегімнен жылу беріп ғашықтығым сезіле.
Жанымда жүргенің жүрекке жылу береді,
Күлімсіреп қарайсың менің әр бір сөзіме.

Жаралы қанат қағып биікке бір самғайын,
Сен есімнен кетпейсің қадам басқан сайын.
Көңіл бөлші достым, менің мәнерлі сөзіме.
Ал енді жүректегі бір сезімді баяндайын.

Керемет күз, жапырақтар сарғайған кез,
Жердегі солған жапырақ, ғайып болар тез.
Ұнаттым бір өзіңді сол бір күздің кешінде.
Аруым келші маған, келші маған тез.

Қара түндік шаңырақ сәуле нұрын шашады,
Ғашық болған екі жүрек, бақыт гүлін тосады.
Өзіңмен өткен уақыт, өлшемі шексіз маған.
Өткен уақыт жеткізбей алыстап менен қашады.

Қ-сы

Жүрегімнің мұңын қозғаған,
Жүрегім сені қызғанған.
Жүрегімнен кеттің алыстап,
Жүрегім сенсіз сыздаған.

Есіңдеме, бірге ойнап бірге күлген,
Есіңдеме, сүйемін деп уәде берген
Екеумізден басқа, ғашықтар жандар жоқ секілді,
Есіңдеме сол бір кез , айлы түнде бірге жүрген.

Өзіңмен өткен уақыт, ұзақ мерзімді қамтыйды,
Жанымнан алыстасаң, елеңдеп сені іздейді,
Қаланың әр көшесі, көрінеді бізге таныс.
Өзіңмен өткен бір сәт, Бір жылға татыйды.

Өтірік сылтау сырап менен алыстадың,
Ұмытылып барады, қол алысқан күн.
Баяғы сезім жоқ жай ғана күлімсіреу,
Алыстады тағы сол бір сырласқан түн

Ажырата білемін өтірік шын күлкіні,
Жай ғана жымидың кездескенде сол күні.
Сол күннен бері көргенім жоқ өзіңді,
Бірақ үміт күтті сен келер деп бір күні.

Қ-сы

Жүрегімнің мұңын қозғаған,
Жүрегім сені қызғанған.
Жүрегімнен кеттің алыстап,
Жүрегім сенсіз сыздаған.

Іздедім сені, келер деп үміт үзбедім,
Көктем емес, қыс , жаз емес күз дедім.
Алыстап кетіпсің жүрегім сезген екен,
Алыстап кеткен соң, жан жылуын сезбедім.

Терең ойға батып, ойлана күрсінгенім,
Қалайша бұл қалай не болғанын түсінбедім.
Өзімді кінәладым бірақ сен кінәлі.
Келеді деп ол іштей ойлап кешіргенім.

Бірақ білемін , қайта оралып келмейсің,
Жанымда баяғыдай, қуаныштан күлмейсің
Меен енді түсіндім мен емес жүрек түсінді.
Қанша күрсінгенменен сен оны сезбейсің.

Сені ойлай ойлай одан да жалығармын,
Осыдан соң тағы бір мән ұғармын.
Бәлкім сен ойлайсың ол мені ұмытпайды,
Уақыты келген соң сені де ұмытармын.

К-сы

Жүрегімнің мұңын қозғаған,
Жүрегім сені қызғанған.
Жүрегімнен кеттің алыстап,
Жүрегім сенсіз сыздаған.


Nogaev Mukhan еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1