Қарап тұрып менің сезімсіз көздеріме, Мен сияқты енді күйініп тұрсың сен де. Дүние алма-кезек екен расында, Тырыспа сенбеймін сенің көз жасыңа. Қайталаймын мен сені ұмытқам, Сенімен болғанша өлгенім артық жалғыздықтан. Жылама өткен күндер қайта оралмайд, Шешіміңнің нәтижесін ештеңе түзей алмайд. Махаббатым болды кіршіксіз, Сен мені ұмыттың ал мен шегіндім еріксіз. Уақыт өте менен жақсыларын таба алмай Оралдың ал мен сені енді сүйе алмайм. Мен білем сен мүлдем күтпедің мұндайды, Менің жүрегім сатқындықты кешіре алмайды. Қош енді, жаным менің Бақытымын өзгенің.
Қайырмасы: Кош бол енді жаным Сүе алмадым сені Сонғы сөзім саған Ұмыт енді мені
Айыптағым келмейді бірақта айыптысың, Бәрі өзгерді мен басқамын сен де басқасың. Арамызда болған бәлкім балалық махаббат, Қайтеміз жаным-ау қателікті қайталап? Мен сені жек көрем алайда қатты сүйем, Дәл сендей аруды таба алмайтынымды білем. Шаршадым жүрегіме керек тыныштық, Сағынсамда сені тәтті мінезіңді қырсық. Неліктен бітпей жатыр соңғы кездесу? Ентіккен екі жүрек құштарлы сүйісу. Үмітімнің шоғын жандырды сенің көз жасың, Қолыңды жібере алмай мәңгілік қоштасам. Сен айыптысың бірақта көздерің айыпсыз, Менде айыптымын сондықтан қалдым жалғыз. Біздің бақыт... тағдырға болды сүйкімсіз, Ақымақпыз, оны жазған болсақ өзіміз.