Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

N.u.R x Асланбек Әлиев - Сыр | Текст песни

Басқалар ұстап көрмеген қағазды сен ұстадың,
Ал менде салдырлаған тиын алақанға қысқаным.
Мен сені бақытты шатастырғаның үшін тастадым,
Аспаннан жерге қарағым келгенді көріп тастадың.

Сені бақытты қалай етемін деп ұйқым шала,
Тек сенің үстіңде киімдер шыққан соңғы, жаңа.
Менімен кездесетін барлық жерлерің тасада,
Мені қасыңа ерітіп көрсеткің келмейді басқаға.

Дым ұялма, мен енді өзім кетем,
Өзім секілді жанды тауып алып бақытты етем.
Таңдағаным дұрыс жол, сол жолмен тура кетем,
Онымен əр бір таң атылғанына шүкір етем.

Сенде де бар жүрек, бəрінде бар қан айналад,
Ақшаңның бар кезінде шалқай, мейлі Дубайға бар.
Соңында бəрібір жатар үйіміз теңеседі,
Сол кезде бере алмай қаласың-ау сен есебін.

Қ/сы:
Іздеме, сағынбашы,
Мұңлы ойға салынбашы.
Келмеске мəңгі кетер,
Сезімге бағынбашы

Үміт пен уақыт санай,
Жолығар жанар талай.
Ақтарғын сыр өзгеге,
Жаным-ау тағдыр солай.

Тойып алып алкогольге қоңырау соғуды доғар,
Оның жанында болсам көңіліңе тиіп қалар.
Сеннен дым керек емес, қол сағат, əтірлерің,
Сен бассейннің жанында жатсың, мен сəкідемін.

Басында сен ойладың мен рэп айтам, типа мажор,
Секілді көріндім ба суреттерде қалтасы мол.
Көрдің бе, қызығасың сен жалтырағандарға,
Шеті жоқ, түбі да жоқ сенде бітпейтін бір арман.

Əйтеуір армандауды армандап қалмашы бай қыз,
Менің ата-анам, жақындарым аман шүкір баймыз.
Сондықтан біздер тек ертеңгі күнді армандаймыз,
Сені үйрете алмадым шүкірге тілің ыңғайсыз.

Өкініп салатын жүрекке пышақ, ол мен емес,
Сен оныкін сулайсың, бірақ бля қолмен емес.
Жүре бер, өзің біл, бірақ мен жүрген жолмен емес,
Мен ұмытып қалам сені, сендей қыз болған емес.

Қ/сы:
Іздеме, сағынбашы,
Мұңлы ойға салынбашы.
Келмеске мəңгі кетер,
Сезімге бағынбашы

Үміт пен уақыт санай,
Жолығар жанар талай.
Ақтарғын сыр өзгеге,
Жаным-ау тағдыр солай.

N.u.R x Асланбек Әлиев еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1