Қимадым қоштасқанда жанарыңды, Мұң шалды-ау сол бір сәтте қабағымды. Түбінен жүрегімнің тулап шығып Бір өксік жұлмалады тамағымды. Қарақат көздеріңе қарай бердім, Қызығы сол ма дедім дүниенің. Күйдірер көлеңкеде өзегімді Махаббат неге сонша ыстық еді?
Қайырмасы: Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы – Сен, Жарқ етіп, жоқ болдың ғой қас қағымда, Жарқыраған, өзіңді қалай табам? Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған, белгісіз жан.
Бақтарды сен екеуміз аралаған, Бозартып тастап кеттің неге маған. Жыл құсы секілденіп шалғай ұшқан, Жете алмай қала бердім жаным саған. Сәулесі айдың түсіп аймалаған Көзіңді қарағым-ау қайдан табам. Сүйгеннің сүйіктісі болатындай, Бақытқа ие болар қандай адам