Түнгі жаңбыр тамшылап тұрды жүзімізге, Жас толды кенет көзімізге, Дәрменсіз тыныс үзілді де. Соңғы үміт сөнгенін сездік өзіміз, тек Айтылмай қалмай сөзіміз де өкініш енді.
Жалғыз сапар шеккен өмірде Үйрендік бәріне төзуге, Суынған сезім қайта оралды көңілге. Тағдыр кездестірген өзіңмен сол күнгі Жүрекке қалдырған мәңгілік көркінді Сүйіп өтуге, ұмытпауға уәде берем.
Қайырмасы: Тағдыр бізді айырады ақыры бір күн, Қосылмаймыз мәңгілік мүмкін. Қалай сенсіз жалғыз жүрдім? Жалғастырдым сезімді соңғгы жігеріммен, Жалғасы жоғын білемін мен, білемін мен.
Қосылсақ та сүйген жандарга, Талпынамыз басқа арманға, Күдер үзе алмай, үміт артып тағдырға. Мумкін коштасармыз махаббат жолында, Мүмкін кездесерміз махаббат жолында, Өзге үмітпен ұмытылған сағынышпен.
Қайырмасы: Тағдыр бізді айырады ақыры бір күн, Қосылмаймыз мәңгілік мүмкін. Қалай сенсіз жалғыз жүрдім? Жалғастырдым сезімді соңғгы жігеріммен, Жалғасы жоғын білемін мен, білемін мен.