Барады аулым көшіп Қызылжарға, Таң атар, шолпан туып, сызылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай. Осы әнге қоңырлатып сала берем, Көңілім сені ойлап бұзылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Құландай жүйрік майда жал-ай, Бар ма екен біздей ынтызар-ай, Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ел алды қарайғанда қамыс қалды Ауылы қалқатайдың алыс қалды, Көзіңнің мөлдірін-ай. Ауылға алыс қалған қарай-қарай Қарайлап қаршығадай мойным талды, Көзіңнің мөлдірін-ай
Құландай жүйрік майда жал-ай, Бар ма екен біздей ынтызар-ай, Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай.