Жұлдызым Тереземді тарсылдатып қара бұлттын көз жасы Жүрегімде қасіретті махаббаттың тұнбасы Енді болса көз алдымда сенің сұлу кел-бетің Сендей ару таба алмаймын шарласамда жер бетін Астанамның жарық кеші оған қоса ақ жаңбыр Тереземнің арғы жағында таусылмайтын мың тағдыр Біздікі енді жаным екі жақта енді бөлек Махаббатсыз жүректерге аз болса да бақыт керек Оны саған неге айтам барі-бір түсінбейсің Сезінсеңде жалғыздықты білдірмей күлімдейсің Айтшы маған шыныңды неге алдайсың мені жаным Еш болмаса қайтаршы қолыңдағы менің бағым Кешір мені жаным сені бақытты қыла алмадым Дегенімен жүректегі сезімдерді мың арнадым Махаббаттың қатал заңы екеумізді айырды Енді болса мен келемін көшелермен байырғы
Қараңғы бөлме, шимайланған парақтар Дертке салып жүректі қинап тағы жылатар Жылатар қолымда жалғыз сурет Сенің бейнең көз алдымда елес болып жүреді. Естіп сенің даусыңды келеді ғой елжірегім Сүйем сені сүйе беремін таусылса да менің демім Менің демім таусылады сүймейм сені жоқ дегенде Сенбеймін мен бұл өмірге махаббатты жоқ дегенге Болды енді жүрегімді қинама өтінемін Соңғы рет бола қойшы қасымда бір күн менің Білсең егер сен үшін жанымды берем ала бер Бола қойшы қасымда сондықтанда жібермедім Жібер дедің жаным деп маған қымбат қолыңды Досым маған қымбат түсінші тоспа менің жолымды Осы айтқан сөздерің жүрегімді жылатты Өмір болған көпірден тозақтарға құлатты