Қадау, қадау ұлылар Тірнегі талай, талай сырлар шерткен даналарым. Тарау, тарау тарих боп! Сөйледі сонау, сонау ғасырлардан бабаларым. Қол созып аспанға, айналып дастанға, Естілгендей маған Солар болар заманның өрнегі, көктен биік ұстап өткен жалауларын.
Қайырмасы:
Жүрегім діріл-дірілдейді, дірілдейді, діріл-дірілдейді. Домбыра үні күмбірлейді, жүрегіммен бірге. Мәңгілік рухы тірі дейді, тірідейді, тірі-тірідейді. Жеткендей біздерге, айналып бір жұмбақ күйге. Ізін көрем, Ізін көрем бабаларым салып кеткен ізін көрем, ізін көрем даналарым жүріп өткен Қуаныш пен мұңдарын Толқып тыңдадым Кеткен өрлей Жаныма байладым Асқақ шындарын оның білем Жолымен келем.
Сезем, білем, көремін бәрінде бұрын сонды бұны қалай байқамадым Жырыме, сырым құбылған әнімді қайта қайта, таңырқадым, қайталадым.