Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QARAKESEK / BRUNO / ҚАСҚЫР - КҮЛЕ АЛМАЙМЫН (2016) #84 | Текст песни


Бұл өмірге қарап күле алмайм(ын)
Кеткім келмейд(і) ештеңе түсіне алмай
Қу дүниеге алданып құламай
Тұрғым келед(і) қабірде мұңаймай

#QaraKesek:
Мен қатты қалаған нәрсені бұл дүниеден таппайсың
Мен қабірде жатқанда, білем, мені мақтайсың
Жоқ, қажет емес, тыныш қалдыр мені
Тірі болсаң қадірін білші тек әрбір демнің
Кімге қапаланасың, кімге айып тағасың
Әрбір пенде түңіліп, тағдырын айыптамасын
Бұл өмірге қонақсың, ана жақтың адамы
Байқасаң қайтып барасың, байқалмайтын қадаммен
Шынайы өмірге сапар жалғап, өмірді тастап
Менің жақындарым кетіп қалды менен бірінші бастап
Ал мен қалдым оларды қимай жер бетінде
Сары сағыныш қалды келбетімде
Күні-түні нені ойлап, айтшы, қиналасың
Мен қайта ораламын, менің есім жиналғасын
Менің ойым бұл өмірмен шектеліп бағынбад(ы)


Бұл өмірге қарап күле алмайм(ын)
Кеткім келмейд(і) ештеңе түсіне алмай
Қу дүниеге алданып құламай
Тұрғым келед(і) қабірде мұңаймай

#Bruno:
Күлгім келеді-ау, болмайды күлкі шынайы
Өмір атты сапарымда сендей бақытты қалайм(ын)
Құлап, тұрып тірлік ет өмір аяқтан шалса
Арманыма жетсем деймін, жете алмады қанша адам
Мықтылықты қажет етед(і), әлсіздік тіпті бармайд(ы)
Сондықтан да сабыр бер деп бір Тәңірімнен сұрайм(ын)
Әрине, мен де жылайм(ын) кеудемде жүрек болған соң
Өйткені ол жақтан қорқам: не болад(ы) деп өмір соңы
Ей, адам баласы, бар ғой өмір ақ-қарасы
Өмірдің наданы емес, болсам деймін мен данасы
Әрине, осы күресте өлгенімше берілмеспін
Көп нәрсе қажет емес, болса болды Құдай жанашыр
Түсінер жанның бағасын: асыл жарым табылса
Адалдықтың туын тігіп, болашаққа бас ұрса
Болсам лайықты ғұлама тәттілерге \"әке\" деген
Сонда ғана күле алам(ын), Тәңірім, саған сенем(ін)


Бұл өмірге қарап күле алмайм(ын)
Кеткім келмейд(і) ештеңе түсіне алмай
Қу дүниеге алданып құламай
Тұрғым келед(і) қабірде мұңаймай

#Kaskyr:
Жалғанды жаным сүймейтін жарықсыз қараңғыдамын
Жарамды жаман емдейтін жанды да таба алмадым
Шумағым жалынды емес, жай ғана менің құрғаным
Ешкім білмейді күлкімнің артында ненің тұрғанын
Жанымды сүймейтін қыз және беймәлім достар
Ойымда адамдар сенбейтін, миға сыймайтын жоспар
Менен ешқашан көңілді әуен шықпайд(ы)
Бәрін айтқым келеді, бірақ адамдар ұқпайд(ы)
Қайтадан бала кезіме қайтқым келед(і) бал сезімге
Бірақ мұңаймаймын, от сөнбейді көзімнен
Төмен түсіп барам(ын), басым салбырады
Қате қадамдардан аяқ-қолым қалтырады
Маған \"өзгер\" деп ішімнен біреу бақырады
Алыстан бақыт қолын бұлғап шақырады
Ортада өмір ағысы ағып жатыр сарқырап
Жүзіп өте алам ба? Бұл маған қиын сұрақ...

QARAKESEK / BRUNO / ҚАСҚЫР еще тексты


Другие названия этого текста
  • QARAKESEK / BRUNO / ҚАСҚЫР - КҮЛЕ АЛМАЙМЫН (2016) #84 (0)
  • - КҮЛЕ АЛМАЙМЫН (0)
  • Еламан х Алмат Нагашыбаев - КҮЛЕ АЛМАЙМЫН (2016) (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3